Сыр сүлейлері поэзиясындағы эсхатологиялық сарындар

Read full text Summarise with VIRAT
Authors: Н. Дәріқұлов, A. Кариев
Cited by: 0

Summary

No summary yet. VIRAT can read this paper and write a plain-language summary of its aim, methods, key findings and limitations.

Summarise with VIRAT Free to try with your Science Catalogs account.

Abstract

Бұл мақалада XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген Сыр сүлейлерінің поэзиясындағы эсхатологиялық тақырыптардың діни, танымдық және көркемдік аспектілері жан-жақты қарастырылады. Эсхатология ислам теологиясында өлімнен кейінгі өмір, қиямет күні, қайта тірілу және адамның өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілігі туралы ілім ретінде маңызды орын алады және қоғамдағы рухани дағдарыс кезеңдерінде әсіресе өзекті. Бұл зерттеудің мақсаты – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Қарасақал Ерімбет, Базар Жырау Оңдасынұлы және Нұртуған Кенжеғұлұлының шығармаларындағы эсхатологиялық мотивтердің мазмұнын талдау, сондай-ақ олардың Құран аяттары мен хадис мәтіндерімен мазмұндық және құрылымдық сәйкестігін анықтау. Зерттеуде мәтіндік талдау, салыстырмалы теологиялық әдістер, діни дискурс талдауы және герменевтикалық әдістер қолданылады. Поэтикалық мәтіндердегі әлемнің ақырының негізгі ерекшеліктері, өлімнен кейінгі жаза мен марапат идеялары, қайта тірілу ислам сенімімен салыстырылып қарастырылды. Сыр сүлейлерінің шығармалары ислам сенімінің негіздеріне толық сәйкес келетіні және олардың эсхатологиялық реңктері қоғамды моральдық-этикалық тәрбиелеуге, Құдай мен қоғам алдындағы жауапкершілікті күшейтуге бағытталғаны анықталды. Сонымен қатар, зерттеу Сыр сүлейлерінің мұрасын тек әдеби ғана емес, сонымен қатар діни және идеологиялық дереккөз ретінде де қарастыруға болатынын көрсетті. Түйін сөздер: Сыр сүлейлері, эсхатология, қиямет, ислам дүниетанымы, қазақ поэзиясы

Fields of Study & Subjects

Poetry Analysis and Criticism Islamic Thought and Society Studies Linguistic Cultural and Literary Studies

Publication details

Journal / source
Eurasian Journal of Religious Studies
Volume
45
Issue
1
Pages
47–62
Publication date
20 March 2026
Language
KK