ТҰЗДЫ ШИКІЗАТТАРДЫ КОСМЕТОЛОГИЯЛЫҚ ӨНІМДЕР ӨНДІРУДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫН ЗЕРТТЕУ

Read full text Summarise with VIRAT
Authors: А.А. АБУБАКИРОВА, Akmaral U. Issayeva, Assel Ye Tleukeyeva
Cited by: 0
References: 22

Summary

No summary yet. VIRAT can read this paper and write a plain-language summary of its aim, methods, key findings and limitations.

Summarise with VIRAT Free to try with your Science Catalogs account.

Abstract

Зерттеуде Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі тұзды шикізаттарды косметологиялық өндіріске пайдалудың артықшылықтары келтірілді. Қазақстанның оңтүстік өңірі өсімдіктердің мол шикізаты мен тұзды көлдерге бай. Каспий теңізінің маңында орналасқан, ас тұзының 39 млн тонна қорына бай, көлемі шамамен 73км алып жатқан Жақсықылыш көлінің тұзды шикізаттарының физика –химиялық қасиеттеріне жоғары дәлдіктегі құралдарда:колориметрлік, ИК-Фурье спектрлік, рентген сәулелерін дифракциялау әдістеріне сүйеніп жасалған зерттеу нәтижелері тұздардың басым бөлігі галидті тұздардан(NaCl үлесі 96,8±3,3%-98,4±2,4% аралығында), сондай ақ, натрийдің (Na2SO4) және кальцийдің сульфаттарының(CaSO4×2H2O), натрий силикатының (Na2SіO4) біраз мөлшерінің кездесетінін көрсетті. Көлдің еденінен алынған балшықтың құрамының: судан-35-40%, сұйық фазалық құрамының ішінде: Na иондары -1,90−18,12%,S иондары-25,65 − 44,30%, Ca иондары -1,12−2,13%,Mg иондары -3,85−4,21, K иондары -0,73−1,1%, карбонат иондары – 0,22−0,5%, Cl иондары -1,91-3,21% аралығында болуы, сондай ақ, құрамында зиянды заттарының болмауы тұзды шикізаттарды косметологиялық өнімге шикізат ретінде толық пайдалануға жарамды етті. Қазақстанның оңтүстік өңірінде орныққан өсімдік сығындыларын Жақсықылыш көлінің тұзды шикізаттарымен құрмалау негізінде алғашқы 7 косметикалық өнімнің прототиптерінің, соның ішінде қауызға арналған тұзды коспаның 4 түрі, қол және аяқ саусақты нығайтып, дезодорациялаушы 3 тұзды-өсімдік экстрактыларының теріге оң әсері, тұзды шикізаттарды өнім алуда толыққанды пайдалануға негіз болатын көрсетті.

Fields of Study & Subjects

Therapeutic Uses of Natural Elements Molten salt chemistry and electrochemical processes Environmental and Analytical Chemistry Studies

Publication details

Journal / source
Experimental biology
Volume
106
Issue
1
Pages
101–110
Publication date
20 March 2026
Language
KK