Географияны оқытудағы АКТ қолданудың теориялық жəне əдістемелік негіздеріне жалпы шолу

Read full text
Authors: Камшат Акпамбетова, Айдын Аманжолов, Ернат Муксинов
Cited by: 0
References: 3

Abstract

Қазіргі заманғы жаһандану жəне цифрландыру жағдайында білім беру саласы жаңа мазмұн мен форматқа көшуде. Бұл өзгерістердің негізінде, ең алдымен, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) жатыр. АКТ тек техникалық құрал ретінде ғана емес, сонымен қатар білім беру процесінің жаңа мəдениетін қалыптастыратын маңызды факторға айналуда. АКТ енгізілуі нəтижесінде оқыту тəсілдері өзгеріп, білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұны да айтарлықтай жаңарды. Бүгінгі таңда жетекші елдер – АҚШ, Ұлыбритания жəне Еуропалық Одақ мемлекеттері – білім беру жүйесін толық цифрландыруға бет алған. Бұл елдерде АКТ оқытудың маңызды құралы ретінде кеңінен қолданылады. Оның нəтижесінде оқу үдерісі оқушылар үшін қолжетімді, дербестендірілген əрі интерактивті бола түсуде. Сонымен қатар, білім сапасына, оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейіне жəне болашақ кəсіби құзыреттіліктеріне оң əсер етіп отыр. Қазақстандық білім беру жүйесі де осы үдерістен тыс қалмай, АКТ-ны белсенді түрде енгізіп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы Жолдауында білім беруде инновациялық технологияларды кеңінен қолдану қажеттігі ерекше атап өтілді. Бұл білім беру мекемелерінде цифрлық құралдарды жүйелі қолдануға жол ашты. Алайда, оның нақты пəндердегі, əсіресе география пəніндегі тиімділігіне арналған қолданбалы зерттеулердің əлі де жеткіліксіз екені байқалады. География мазмұны жағынан кеңістіктік деректерге, табиғи құбылыстарға жəне картографиялық визуализацияға негізделген пəн. Сондықтан оны оқытуда АКТ құралдарын тиімді пайдалану – оқу материалының мазмұнын терең меңгеруге, оқушылардың талдау жəне сыни ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Fields of Study & Subjects

Geography Education and Pedagogy Innovative Educational Technologies Education and Digital Technologies

Publication details

Journal / source
Geography and Sustainable Development
Volume
1
Issue
1
Pages
34–42
Publication date
12 January 2026