4К МОДЕЛІНІҢ ҚАТЫСЫМДЫҚ ДАҒДЫНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КОНЦЕПТУАЛДЫҚ НЕГІЗІ
Abstract
Тіл – кез келген қоғамның маңызды тірегі әрі оның әлеуметтік құбылысы ретінде үздіксіз дамып отыратын күрделі жүйе. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі XXI ғасырдың негізгі дағдыларына сүйене отырып, тілдік мәдениеті қалыптасқан, сыни ойлай алатын, шығармашылық қабілеті жоғары, қарым-қатынасқа ашық, көпшіл тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Осыған байланысты оқыту әдістері мен технологиялары да жаңарып, білім беру үрдісінде заманауи инновациялық әдістер енгізілуде. Аталмыш мақалада білім беру саласындағы оқытудың заманауи жүйесі – 4К моделінің концептуалдық негізі анықталып, оның қатысымдық дағдыны қалыптастырудағы маңызы қарастырылады. Зерттеу барысында жоғары сынып оқушыларының қатысымдық құзыреттіліктерін дамытуда 4К моделінің тиімділігі эмпирикалық әдістер арқылы талданып, алынған нәтижелер негізінде оқытудың коммуникативтік тәсілдерінің тиімділігі бағаланды. SPSS статистикалық бағдарламасы арқылы алынған деректерге сүйене отырып, зерттеу нәтижесінде оқушылардың шығармашылық дағдыларының 61.8%-ға, қарым-қатынас дағдыларының 55.3%-ға, ал сыни ойлау және ынтымақтастық дағдыларының тиісінше 47.3% және 48%-ға артқаны анықталды. Сондай-ақ қазақ тілі пәнінде қолданылатын мәтіндік тапсырмалар арқылы қатысымдық дағдыларды жетілдіру жолдары ұсынылды. Алынған нәтижелер қазіргі білім беру жүйесінде 4К моделін тиімді қолдану арқылы оқушылардың тілдік құзыреттілігін жетілдіруге ықпал етуге болатынын дәлелдейді.
Fields of Study & Subjects
Education
Innovation and Language Studies
Language Acquisition and Education
Linguistic Education and Pedagogy
Publication details
- Journal / source
- BULLETIN OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN ( THE BULLETIN)
- Volume
- 419
- Issue
- 1
- Pages
- 222–237
- Publication date
- 28 February 2026
- Language
- KK