ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛЫҚ МАЗМҰНДАҒЫ МӘТІНДІК ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

Read full text
Authors: Amangul Kokazhayeva, Г.О. Сейтбекова, Г.Т. Сүлейменқұлова
Cited by: 0
References: 1

Abstract

Мақалада оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын қаржылық-экономикалық мазмұндағы мәтіндік есептер арқылы дамыту мен бағалаудың маңызды мәселелері қарастырылады. Мектеп математика курсындағы қаржылық-экономикалық тақырыптарға негізделген күрделі мәтіндік тапсырмаларды шешудің тиімді әдістері зерттеледі және оқушылардың қаржылық сауаттылық деңгейі мен дағдыларын объективті бағалауға мүмкіндік беретін бағалау критерийлері ұсынылады. Зерттеу шеңберінде ұсынылған әдістердің тиімділігі оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны айтылады. Қаржылық мазмұндағы мәтінді есептерді шешу процесі оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға және функционалдық математикалық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, оқушыларға қарапайым және күрделі қаржылық мәселелерді жеке шешуге қажетті дағдыларды дамытуға көмектеседі. Олар қаржылық тәуекелдерден сақтануға, несиелердің қауіптілігі мен жеке қаржылық жоспарлаудың маңыздылығын түсінуге үйренеді. Бұл заманауи шынайы өмірде қаржылық-экономикалық мәселелер аясында саналы түрде дұрыс шешімдер қабылдай алатын жаңа буынды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері оқыту үдерісін жетілдіруге және оқушылардың жалпы білім сапасы мен қаржылық сауаттылықтарын арттыруға елеулі үлес қосады. Зерттеу барысындағы қарастырылған материалдар оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын дамытуға және бағалауға қызығушылық білдіретін математика пәнінің мұғалімдеріне пайдалы құрал болып табылады.

Fields of Study & Subjects

Mathematics Education and Pedagogy Mathematics Education and Programs Mathematics Education and Teaching Techniques

Publication details

Journal / source
BULLETIN OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN ( THE BULLETIN)
Volume
419
Issue
1
Pages
338–361
Publication date
28 February 2026
Language
KK