ҚАРЖЫЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕТ ӨНДІРІСІНІҢ ЭКСПОРТТЫҚ ДАМУЫНА ӘСЕРІ: СЦЕНАРИЙЛІК ТӘСІЛ
Abstract
Аннотация. Ғаламдық агроөнеркәсіптік нарықтағы бәсекелестіктің күшеюі жағдайында ет өндірісінің экспортқа бағытталған тұрақты траекториясын қалыптастыру аймақтық дамудың стратегиялық міндеттерінің біріне айналуда. Табиғи-ресурстық әлеуетінің жоғары болуына қарамастан, Түркістан облысындағы кәсіпорындар өндіріс қарқынына, инвестициялық белсенділікке және сыртқы нарықтарға ұзақ мерзімді шығу мүмкіндігіне әсер ететін бір қатар қаржылық шектеулерге тап болып отыр. Зерттеудің мақсаты – өңірдің ет шаруашылығының экспорттық қабілеттілігін айқындайтын негізгі қаржылық детерминанттарды анықтау және оның орта және ұзақ мерзімді даму бағыттарын сипаттайтын сценарийлік модельдерді әзірлеу. Зерттеудің әдістемелік негізін ет өндіруші кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштерін кешенді талдау, өндірістік шығындар құрылымын, инвестициялық ағындарды және кредиттік ресурстардың қол жетімділігін бағалау құрайды. Макроэкономикалық және салалық факторларды біріктіре отырып, үш даму сценарийі – базалық, оптимистік және пессимистік – жасалды. Бұл тәсіл капитал құнының өзгеруіне, мемлекеттік қолдау деңгейіне, экспорттық бағалардың құбылуына және рентабельдік параметрлеріне саланың қаншалықты сезімтал екенін бағалауға мүмкіндік берді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы қаржылық көрсеткіштерді сценарийлік стратегиялық болжау мен ұштастырған интеграцияланған бағалау моделін әзірлеуден көрінеді. Бұл модель Түркістан облысының ерекшеліктеріне алғаш рет бейімделіп, аймақтың ет саласында экспорттық бағыттың қалыптасуына қаржылық детерминанттардың ықпалын сандық тұрғыдан айқындауға және болашақ даму траекторияларын белгілеуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері экспортқа бағытталған тұрақты өсудің шығындар құрылымын оңтайландыруға, инвестициялық тетіктерді кеңейтуге, кредиттік ресурстардың қол жетімділігін арттыруға және мемлекеттік қолдаудың тиімділігін күшейтуге тікелей тәуелді екенін көрсетті. Жұмыстың практикалық маңыздылығы әзірленген модельдерді аймақтық агроөнеркәсіптік саясатты қалыптастыруда, инвестициялық шешімдер қабылдауда және ет өндірісінің экспорттық әлеуетін арттыруға ұмтылатын кәсіпорындар қызметінде қолдану мүмкіндігімен айқындалады.
Fields of Study & Subjects
Agricultural Development and Policies
Agriculture Market Analysis Ukraine
Agricultural economics and policies
Publication details
- Journal / source
- BULLETIN OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN ( THE BULLETIN)
- Volume
- 419
- Issue
- 1
- Pages
- 699–721
- Publication date
- 28 February 2026
- Language
- KK