Ru ЖӘНЕ Rh ПРОМОТОРЛАНҒАН ҚАҢҚАЛЫ НИКЕЛЬ КАТАЛИЗАТОРЛАРЫНЫҢ МАЙ АЛЬДЕГИДІН ГИДРЛЕУ РЕАКЦИЯСЫНДАҒЫ КАТАЛИТИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Summary
No summary yet. VIRAT can read this paper and write a plain-language summary of its aim, methods, key findings and limitations.
Summarise with VIRAT Free to try with your Science Catalogs account.Abstract
Аннотация. Альдегидтерді селективті гидрлеу реакциялары органикалық синтез, мұнай-химия және фармацевтикалық өндірістерде маңызды орын алады, алайда бұл процестердің тиімділігі катализатордың белсенділігі, селективтілігі және тұрақтылығымен тікелей байланысты. Никель негізіндегі катализаторлар кеңінен қолданылғанымен, олардың құрылымдық тұрақтылығы мен реакциялық ортаға сезімталдығы қолдану аясын шектейді. Осыған байланысты никель катализаторларын асыл металдармен промоторлау арқылы олардың каталитикалық қасиеттерін жақсарту өзекті ғылыми мәселе болып табылады. Осы зерттеудің мақсаты рутений (Ru) және родий (Rh) промоторларымен модификацияланған қаңқалы никель катализаторларының май альдегидін гидрлеу процесіндегі каталитикалық белсенділігін, селективтілігін және тұрақтылығын эксперименттік тұрғыда бағалау болып табылады. Гидрлеу реакциялары сұйық фазада, атмосфералық қысымда, су және этанол орталарында жүргізілді. Катализаторлардың қасиеттері сутегіні сіңіру кинетикасы, активация энергиясы, адсорбциялық сипаттамалары, сондай-ақ рентгенқұрылымдық, электронды-микроскопиялық және ИҚ-спектрлік әдістер көмегімен зерттелді. Зерттеу нәтижелері Ni–1,0 % Ru және Ni–1,0 % Rh катализаторларының сутегіні сіңіру жылдамдығы қалыпты никельмен салыстырғанда сәйкесінше 2,2 және 1,7 есе артатынын көрсетті. Гидрлеу реакциясы жоғары селективтілікпен өтіп, негізгі өнім ретінде н-бутил спирті түзілді; оның шығымы Ni–Ru жүйесінде 98–99 %, ал Ni–Rh катализаторында 95–96 % құрады. Құрылымдық және адсорбциялық деректер промоторлардың катализатор бөлшектерінің дисперстілігін арттырып, адсорбцияланған сутегінің көлемін ұлғайтатынын көрсетті. Су ортасының қолданылуы катализатор деградациясын баяулатып, реакция тиімділігін арттыратыны анықталды. Алынған нәтижелер Ni–Ru және Ni–Rh катализаторларының селективті және энергия үнемдейтін гидрлеу процестері үшін перспективалы жүйелер екенін дәлелдейді.
Fields of Study & Subjects
Nanomaterials for catalytic reactions
Asymmetric Hydrogenation and Catalysis
Catalysis and Hydrodesulfurization Studies
Publication details
- Journal / source
- SERIES CHEMISTRY AND TECHNOLOGY
- Volume
- 466
- Issue
- 1
- Publication date
- 30 March 2026
- Language
- KK