Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулыларының құқықтық сипаты: салыстырмалы құқықтық талдау

Read full text Summarise with VIRAT
Authors: M.T. Junussova, Aliya Kalybaeva, M. Shauali
Cited by: 0
References: 4

Summary

No summary yet. VIRAT can read this paper and write a plain-language summary of its aim, methods, key findings and limitations.

Summarise with VIRAT Free to try with your Science Catalogs account.

Abstract

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулыларының құқықтық табиғатын айқындау ұлттық құқық жүйесінің шекараларын белгілеудің маңызды аспектісі болып табылады. Зерттеудің өзектілігі 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты арта түседі, бұл конституциялық бақылау институтының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Сот шешімдерінің құқықтық мәнін қайта пайымдауды талап етеді. Мақалада Қазақстан жағдайында Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларының құқықтық табиғаты, олардың ықпал ету рөлі мен құқықтық салдары салыстырмалы-құқықтық талдау негізінде жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында Конституциялық Сот шешімдерінің міндеттілік сипаты, олардың орындалу тетіктері, сондай-ақ заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына әсері кешенді түрде талданады. Сонымен қатар, аталған шешімдердің құқықтық реттеу жүйесіндегі орны мен маңызы айқындалады. Шет мемлекеттердің конституциялық соттарының тәжірибесімен салыстыру арқылы ұқсастықтар мен айырмашылықтар анықталып, мұндай актілердің құқықтық жүйенің қалыптасуы мен дамуына ықпалы бағаланады. Зерттеу нәтижесінде Конституциялық Сот шешімдерінің құқықтың қайнар көзі және құқық қолдану актісі ретіндегі екіұдай құқықтық табиғаты негізделеді, сондай-ақ олардың құқықтық реттеудегі рөлі мен маңызы ғылыми тұрғыдан тұжырымдалады.

Fields of Study & Subjects

Comparative constitutional jurisprudence studies Judicial and Constitutional Studies Legal and Policy Issues

Publication details

Journal / source
BULLETIN of L N Gumilyov Eurasian National University Law Series
Volume
154
Issue
1
Pages
25–40
Publication date
30 March 2026
Language
KK