Жасанды интеллектіні пайдаланудың құқықтық мәселелері

Read full text
Authors: Zh.S. Berdiyarova, Sh.A. Saimova, D.S. Abdullaeva
Cited by: 1

Abstract

Мақалада жасанды интеллект технологияларын қолданудың құқықтық мәселелері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – жасанды интеллектті пайдалану саласындағы құқықтық реттеудің негізгі бағыттарын талдау және Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін айқындау. Зерттеу барысында жүйелік, салыстырмалы-құқықтық, формальды-құқықтық әдістер, сондай-ақ талдау және синтез тәсілдері қолданылды. Мақалада жасанды интеллект технологияларының қоғам өмірінің түрлі салаларында кеңінен қолданылуы құқықтық реттеудің жаңа бағыттарын қалыптастыратыны көрсетілген. Авторлар жасанды интеллектті пайдаланудың дербес деректерді қорғау, киберқауіпсіздік, зияткерлік меншік құқықтары және құқықтық жауапкершілік мәселелерімен өзара байланысын талдайды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында жасанды интеллект саласын құқықтық реттеудің негізгі қағидаттары «Жасанды интеллект туралы» заңда бекітілгені көрсетіліп, осы саладағы құқықтық реттеудің ерекшеліктері қарастырылады. Мақалада халықаралық тәжірибеге, соның ішінде Еуропалық Одақтың жасанды интеллектті реттеу саласындағы құқықтық актілеріне салыстырмалы талдау жүргізілген. Зерттеу нәтижелері жасанды интеллект технологияларын құқықтық реттеудің қолданыстағы жүйесін одан әрі жетілдірудің, ұлттық заңнаманы халықаралық тәжірибемен үйлестірудің және жасанды интеллект жүйелерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін құқықтық тетіктерді дамыту қажеттігін көрсетті. Зерттеу нәтижелері ғылыми және практикалық маңызға ие.

Fields of Study & Subjects

Digital Transformation in Law Governance Compliance and Sustainability Education Law and Society

Publication details

Journal / source
BULLETIN of L N Gumilyov Eurasian National University Law Series
Publisher
L. N. Gumilyov Eurasian National University
Volume
154
Issue
1
Pages
41–50
Publication date
30 March 2026