Bulletin WKU

Read full text
Authors: Құсайын Л.С.
Cited by: 0

Abstract

ЖОБАЛАР НЕГІЗІНДЕ КІТАП ОҚУ МƏДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУАңдатпа.Мақалада оқу мəдениетін қалыптастырудың теориялық, əдістемелік жəне тəжірибелік негіздері қарастырылады.Халықаралық зерттеулер (UNESCO, OECD PISA, IEA PIRLS) мен қазақстандық тəжірибелер салыстырыла талданады.Білім беру жүйесіндегі құндылыққа негізделген жаңа парадигма, «Біртұтас тəрбие тұжырымдамасының» ерекшеліктері жəне олардың оқу мəдениетімен байланысы сараланады.Əлемдік тəжірибедегі (Финляндия, Сингапур, Эстония, Жапония) жобалық əдістің нəтижелері мен қазақстандық мектептердегі ұлттық мазмұнмен ұштасқан тəжірибелер салыстырылады.Ə.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің «Дүниетаным көкжиегі» жобасы аясындағы үш жылдық эмпирикалық деректер талданып, оқушылардың оқу мəдениеті мен мұғалімдердің кəсіби ізденісіндегі сапалық өзгерістер ғылыми тұрғыда бағаланады.Мақалада Əл-Фараби, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев сынды ойшылдардың еңбектері пайымдау мен тұжырым жасауға арқау болды.Кілт сөздер: оқу мəдениеті, жобалық əдіс, құндылыққа негізделген білім, ұлттық құндылықтар, кəсіби ізденіс, тəрбие, фольклор, экософия, кіріктіріп оқыту.Кіріспе XXI ғасырда мемлекеттердің өркендеу деңгейі ең алдымен адами капитал сапасымен өлшенетіні халықаралық тəжірибеде дəлелденген.Адами капиталдың басты құрамдас бөлігібілім, ал білімнің тиімділігі оқу мəдениетімен айқындалады.Филология ғылымдарының тұрғысынан алғанда оқу мəдениетімəтінді қабылдау, интерпретациялау, сыни тұрғыда пайымдау жəне жаңа мағына тудыру қабілеттерінің жиынтығы [13].Бұл феномен тек функционалдық сауаттылық көрсеткіші ғана емес, ол тұлғаның дүниетанымдық кеңістігін, құндылықтық бағдарын жəне мəдени кодын айқындайды.Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың: «Оқуға құштар ұлт қана бəсекеге қабілетті болады» деген тұжырымы осы феноменнің ұлттық деңгейдегі стратегиялық маңызын көрсетеді.Бұл көзқарас UNESCO-ның Education 2030 декларациясында бекітілген lifelong learning қағидатымен толық үндес [1].Оқу мəдениеті ұғымының маңызын ғылыми тұрғыда айқындау үшін филология, педагогика жəне психология ғылымдарындағы тұжырымдарға сүйенуге болады.

Fields of Study & Subjects

Literacy and Educational Practices Problem and Project Based Learning Global Educational Policies and Reforms

Publication details

Publication date
13 January 2026
Document type
Dataset