Bulletin WKU

Read full text
Authors: Ибрагимов М.А., Исмаилов С.С., Айтмухамбетов А.А, Жандаулетов Т.Т.
Cited by: 0

Abstract

ХАЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ДЕПОРТАЦИЯЛАУ МƏСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХНАМАСЫАңдатпа.Көрсетілген мақалада XX ғасырдың 30-50-жылдарындағы Кеңестік биліктің жаппай халықтарды Қазақстанға депортациялау мəселесінің тарихнамасы қарастырылған.Мақаланы жазу кезінде үлкен қызығушылық танытып, отандық жəне шетелдік ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми еңбектері қолданылып талдау жасалды.Зерттеу барысында қуғынға ұшыраған халықтардың географиялық орналасуы, əлеуметтік-құқықтық жағдайы, олардың жергілікті жерге бейімделуі талданып, тақырыптың негізгі өзектілігіне негізделді.Сондай-ақ тарихи деректерді сипаттау жəне талдау мақсатында материалдарды кезеңдерге бөлу тəсілдері қолданылды.Зерттеу жұмысының мақсатыдепортация тақырыбындағы материалдармен танысып, арнайы жер аударылған халықтардың тағдыры, бейімделуін, қолданылған материалдарға талдау жасау.Арнайы қоныстанушылар бұл -Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен күштеп көшірілген əртүрлі ұлт өкілдері болатын.Қазақстан аумағына қоныс аударғандардың саны туралы деректердің жүйесіздігі, халықты есепке алу əдістерінің жетілмегендігі немесе мүлде болмауы -Қазақстан аумағына нақты қанша адам келгенін анықтауға мүмкіндік бермейді.Жаппай депортациялар өңірдің демографиялық жағдайын өзгертіп қана қоймай, экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени өмірдің барлық дерлік саласына əсер етті.Қазақстан жері еріксіз түрде əртүрлі халықтар үшін түрмеге айналды.Мақалада бұл зерттеуге терең талдау жасалды.Бұл еңбек отандық тарих мəселелеріне қызығушылық танытатын кең ауқымды зерттеушілерге бағыт береді.

Fields of Study & Subjects

Soviet and Russian History China's Ethnic Minorities and Relations Indigenous Cultures and History

Publication details

Publication date
13 January 2026
Document type
Dataset