Bulletin WKU
Abstract
ҮШ ЖҮЗ» ҰЛТТЫҚ -САЯСИ ПАРТИЯСЫНЫҢ ОТАНДЫҚ ТАРИХТА ЗЕРТТЕЛУ АСПЕКТІЛЕРІ Аңдатпа.Мақалада ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы саяси үдерістер аясында құрылған «Үш жүз» ұлттық-саяси партиясының отандық тарихнамада зерттелу мəселелері қарастырылады.Кеңестік кезеңдегі марксистіклениндік методология негізінде жасалған тұжырымдар мен Тəуелсіз Қазақстан кезеңіндегі жаңа əдіснамалық ұстанымдар салыстырмалы түрде талданады.Зерттеу барысында «Үш жүз» партиясына қатысты кеңестік тарихнамада қалыптасқан таптық жəне идеологиялық бағалаулардың шарттылығы ашылып, қазіргі отандық тарих ғылымындағы ұлттық-саяси ұйымдарды ұлт-азаттық қозғалыс контексінде қарастыру үрдісі көрсетіледі.Автор соңғы жылдардағы зерттеулер негізінде «Үш жүз» партиясының идеологиялық-саяси бағдарын, əлеуметтік тірек базасын жəне Кеңес өкіметімен қарым-қатынасын қайта пайымдаудың ғылыми маңызын негіздейді.
Fields of Study & Subjects
Soviet and Russian History
Philosophy
History
and Historiography
Historical Turkish Studies
Publication details
- Publication date
- 13 January 2026
- Document type
- Book chapter