Bulletin WKU

Read full text
Authors: Қалменов А.А. Кубесова Г.Т.
Cited by: 0

Abstract

ХАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫН ОҚЫТУДА ӨЛКЕТАНУ ПРИНЦИПІН ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІАңдатпа.Бұл мақалада халық географиясын оқытуда өлкетану принципін жүйелі қолданудың ерекшеліктері мен тиімділігі талданады.Теориялық негіздеме өлкетанудың мазмұндық, құзыреттік және педагогикалық-технологиялық қырларын айқындап, оны оқушының өмірлік тәжірибесімен ұштастырудың мүмкіндіктерін көрсетеді.Эмпирикалық зерттеу Ақтөбе қ. №29 орта мектебінің 11сыныбында жүргізілді.Сауалнама мен сабақ барысын бақылау нәтижелері өлкетанулық мазмұнның оқушылардың пәнге қызығушылығын, пікір айту белсенділігін және карта-диаграммамен жұмыс дағдыларын айқын арттырғанын көрсетті.Сонымен қатар әдістемелік ресурстардың жеткіліксіздігі, оқу құжаттарында өлкетануға қатысты нақты материалдың тапшылығы анықталды.Мақалада жергілікті дереккөздер қорын қалыптастыру, ГАЖ сияқты цифрлық картографияны жүйелі қолдану, бағалау индикаторларын нақтылау және мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

Fields of Study & Subjects

Geography Education and Pedagogy Geography and Education Methods Educator Training and Historical Pedagogy

Publication details

Publication date
13 January 2026
Document type
Dataset