ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ РЕФЛЕКСИЯСЫН ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАР

Read full text Summarise with VIRAT
Authors: М.С. Молдагалиева, Н.Б. Жиенбаева, А.Б. Махамбетова, С.Ж. Бахтиярова
Cited by: 0
References: 3

Summary

No summary yet. VIRAT can read this paper and write a plain-language summary of its aim, methods, key findings and limitations.

Summarise with VIRAT Free to try with your Science Catalogs account.

Abstract

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі кәсіби құзырет-тілігі жоғары, өзін-өзі дамытуға және өз тәжірибесін сыни тұрғыдан түсінуге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған. Осы контексте студенттердің кәсіби рефлексиясын дамыту – өзін-өзі талдау, нәтижелерді болжау және кәсіби жетілдіру стратегияларын әзірлеу – даярлық сапасын арттыратын өзекті буын. Зерттеудің мақсаты – қазақстандық университеттердегі арнайы педагогика студенттерінде кәсіби рефлексияны қалыптастыруға ықпал ететін психологиялық-педагогикалық жағдайлардың педагогикалық моде-лін теориялық негіздеу және эмпирикалық сынау. Жұмыста отандық және шетелдік тұжырымдамалар талданды; негізгі психологиялық факторлар (оқу-кәсіби мотивация, өзін-өзі тану, рефлексиялық ойлау) айқындалды; педагогикалық шарттар (рефлексиялық тапсырмалар – күнделік, эссе, портфолио, кейс-талдау; оқытушының қолдауы; ынтымақтастық ахуалы) және ұйымдастырушылық шаралар (рефлексиялық практикаларды оқу жоспарларына жүйелі енгізу) белгіленді. 2024–2025 жж. аралығында бақылау және эксперименттік топтармен жүргізілген педагогикалық эксперимент нәтижелері осы шарттарды кешенді іске асыру кәсіби рефлексия деңгейін статистикалық тұрғыдан мәнді өсіретінін көрсетті (t-тест), ал мотивация мен рефлексия арасындағы байланыс айқын оң сипатта болды (корреляциялық талдау). Ғылыми жаңалық мотивациялық, когнитивтік және ұйымдастырушылық-педагогикалық компоненттерді біріктіретін тұтас модельді ұсынуда; практикалық маңыздылығы – модельді Қазақстан университеттерінің білім беру бағдарламаларына енгізу арқылы арнайы педагогика мамандарын даярлаудың сапасын арттыру әлеуетінде. Модель кәсіби рефлексияны дамытудың кешенді тәсілінің тиімділігін растайды. Іске асыру 14 аптаға созылды; іріктеме құрамында 2–4 курс студенттері (n=120) болды, өлшемдер алдын ала/кейінгі кескіндеме форматында жүргізілді. Диагностикада рефлексиялық карталар, өзін-өзі бағалау шкалалары және портфолио рубрикалары қолданылды; деректер SPSS-та өңделді (эксплорерлік/инференттік талдау, Пирсон r, p

Fields of Study & Subjects

Reflective Practices in Education Higher Education and Employability Higher Education Teaching and Evaluation

Publication details

Volume
80
Issue
1
Publication date
1 March 2026
Language
KK