ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢАРТ - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Read full text Summarise with VIRAT
Authors: С.А. Жолдасбекова, Dina Polatovna Madieva, М.С. Каратаева, Ж.Б. Тунгишбаева
Cited by: 0
References: 3

Summary

No summary yet. VIRAT can read this paper and write a plain-language summary of its aim, methods, key findings and limitations.

Summarise with VIRAT Free to try with your Science Catalogs account.

Abstract

Мақалада цифрландыру жағдайында студенттердің арт-технологиялық құзыреттілігін дамытудың теориялық негіздері мен тәжірибелік аспектілері жан-жақты қарастырылған. Зерттеу мақсаты – жоғары білім беру жүйесін цифрландыру жағдайында студенттердің арт-технологиялық құзыреттілігін дамытудың теориялық және әдістемелік мүмкіндіктерін ашып көрсету. Студенттердің арт-технологиялық құзыреттілігін дамыту арқылы оларды командалық жұмысқа бейімдеп, проблемаларды шешу қабілеті мен коммуникативті дағдыларын жетілдіру ықпалы анықталды. Мақалада отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалып, цифрландыру жағдайында студенттердің арт-технологиялық құзыреттілігін дамытудың тиімді әдістері ұсынылды. ЖОО-да «Көркем еңбек және сызу» білім беру бағдарламасы мазмұнына студенттердің арт-технологиялық құзыреттілігін дамытуға байланысты эллективті пән енгізілді. Сабақ барысында 3D модельдеу, анимация, виртуалды/кеңейтілген шындық (VR/AR), цифрлық музыка мен дыбыс, генеративті жасанды интеллект (ЖИ) секілді технологиялар қолданылды. Бұл технологиялар студенттердің шығармашылығы мен кәсіби бейімін қалыптастыруға әсер етті. Арт-технологиялық құзыреттілік – бұл студенттің өнер тілін цифрлық құралдармен синтездеп, эстетикалық шығармашылық, технологиялық және этикалық құқықтық талаптарды сақтай отырып өнім жасай алу қабілеті болып табылады. Ал мұның өзі кәсіби педагогикалық даярлықтың өзегіне айналады. Эксперимент нәтижесі студенттердің арт-технологиялық құзыреттілігінің біршама жоғары деңгейде дамығандығын көрсетті.

Fields of Study & Subjects

Digital literacy in education Innovations in Education and Learning Technologies Digital Transformation of Higher Education

Publication details

Volume
80
Issue
1
Publication date
1 March 2026
Language
KK