АГРЕССИЯ ЖӘНЕ АГРЕССИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: ФОРМАЛАРЫ МЕН ФАКТОРЛАРЫ

Read full text
Authors: Баймахова А.Ш. Көшербаева А.Н.
Cited by: 0

Abstract

Мақалада агрессия мен агрессивті мінез-құлық мәселесінің психологиялық табиғаты, оның көрініс формалары және дамуына әсер ететін факторлар жүйелі түрде талданады. Шетелдік зерттеушілердің көзқарастары негізінде агрессияның түрлі теориялық модельдері қарастырылып, А. Басс пен А. Дарки жіктеген агрессия формаларының сипаттамасы беріледі. Э. Фромм, А. Бандура, Д. Доллард сияқты авторлардың агрессияның пайда болуындағы ішкі (биологиялық, генетикалық, темпераменттік) және сыртқы (әлеуметтік орта, экологиялық стрессорлар, тәрбиелік ықпал) факторларға қатысты тұжырымдары сарапталады. Теориялық талдау нәтижелері агрессияның адам мінез-құлқында күрделі, көпдеңгейлі құбылыс екендігін және оның қалыптасуы биологиялық алғышарттар мен әлеуметтік-мәдени ықпалдардың өзара байланысына негізделетінін көрсетеді.

Fields of Study & Subjects

Bullying Victimization and Aggression Emotions and Moral Behavior Violence Religion and Philosophy

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
11 January 2026