ХИМИЯНЫ ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІН ЗЕРТТЕУ

Read full text
Authors: НАУРЫЗБАЙ НҰРШАТ БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ, КАЛАУОВА АЛТЫНАЙ САЛЫХОВА
Cited by: 0

Abstract

Қазіргі жаһандық экологиялық мәселелер жағдайында білім беру жүйесінің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – экологиялық жауапкершілігі жоғары, табиғатқа саналы көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Осы тұрғыда химия пәнін тәжірибеге бағыттап оқыту экологиялық мәдениетті қалыптастырудың тиімді құралы ретінде қарастырылады. Мақалада химияны тәжірибелік мазмұнда оқытудың экологиялық жауапкершілікке ықпалы ғылыми тұрғыдан талданады. Зерттеу барысында тұрақты даму идеяларын химия сабақтарының мазмұнына енгізу, өндірістік және тұрмыстық химиялық процестердің экологиялық салдарын тәжірибе арқылы түсіндірудің маңызы айқындалады. Ғылыми еңбектерге сүйене отырып, тәжірибелік жұмыстардың оқушылардың құндылықтық бағдарын қалыптастырудағы рөлі негізделеді. Сонымен қатар экологияландырылған оқу үдерісі оқушылардың табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамытуға ықпал ететіні дәлелденеді.

Fields of Study & Subjects

Chemistry Education and Research Environmental and sustainability education Various Chemistry Research Topics

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
15 January 2026