НОТАРИАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ
Abstract
Мақалада нотариат институтының құқықтық табиғаты, оның тарихи қалыптасу кезеңдері, даму эволюциясы мен қазіргі құқықтық жүйедегі орны кешенді түрде талданады. Нотариаттың азаматтық айналымдағы құқықтық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі, мәмілелердің заңдылығын алдын ала бақылаудағы және құқықтық даулардың алдын алудағы рөлі жан-жақты ашып көрсетіледі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда нотариат қызметінің маңыздылығы, оның құқықтық кепілдік пен сенім институты ретіндегі функциялары айқындалады. Сонымен қатар нотариат институтының қоғамдағы әлеуметтік маңызы, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпалы және құқықтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі орны талданады. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасындағы нотариат қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері, қолданыстағы заңнаманың өзекті мәселелері мен оны жетілдіру бағыттары қарастырылады. Мақалада нотариат институтының құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі ғылыми тұрғыдан негізделіп, оны одан әрі жетілдіруге бағытталған теориялық және практикалық ұсыныстар тұжырымдалады.
Fields of Study & Subjects
Legal Systems and Judicial Processes
Ukrainian Legal and Forensic Studies
Legal Studies and Reforms
Publication details
- Journal / source
- Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
- Publication date
- 15 January 2026