ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СТАЛКИНГ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК: 2025 ЖЫЛҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОВЕЛЛА

Read full text
Authors: ҚАБЖАНОВ АҚЫЛБЕК ТАЙБУЛАТОВИЧ, ЖУНУСОВА ЛАЗЗАТ МУРАТХАНОВНА, ЖҮКЕН ІҢКӘР АСЫҒАТҚЫЗЫ, КАДРИН ТІЛЕГЕН БЕРЕКЕҰЛЫ
Cited by: 0

Abstract

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер аясында сталкинг (ізіне түсу) құбылысын құқықтық реттеу мәселелері қарастырылады. Авторлар күшіне енген заңнамалық новеллаларға талдау жасай отырып, адамның жеке өміріне қолсұғылмаушылықты қорғаудың жаңа тетіктерін зерделейді. Сталкинг (stalking)-адамның еркіне қарсы оның ізіне түсу, аңду, қажетсіз байланыс орнатуға тырысу және психологиялық қысым көрсету әрекеттері. Бұған дейін Қазақстан заңнамасында «сталкинг» термині нақты қылмыс ретінде бекітілмеген еді, бұл құқық қорғау органдарына қудалаушыны жазалауға кедергі болатын. Мақаланың мақсаты сталкинг (ізге түсу) адамның жеке кеңістігін бұзудың алдын алу бойынша ұлттық заңнаманы шетелдің заңнамасымен өзара салыстырмалы-құқықтық талдау көзделген және адамның жеке кеңістігін бұзудың алдын алу бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру айқындалған.

Fields of Study & Subjects

Stalking Cyberstalking and Harassment Criminal Law and Policy Freedom of Expression and Defamation

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
15 January 2026