АСФАЛЬТТЫ-ШАЙЫРЛЫ-ПАРАФИНДІ ШӨГІНДІЛЕРМЕН КҮРЕСУДЕ МҰНАЙДЫ ҚЫЗДЫРУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН ҚОЛДАНУ
Abstract
Чинарев мұнайгазконденсатт кен орны (МГККО) — Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының солтүстік-шығысында орналасқан ірі өнеркәсіптік объект. 1991 жылы ашылған бұл кен орны Каспий маңы ойпатында орналасып, Nostrum Oil & Gas компаниясының еншілес ұйымы Жайықмұнай арқылы игеріледі және өңірдің маңызды көмірсутек көзі болып табылады. Чинарев мұнай-газконденсат кен орны өнеркәсіптік игеру сатысында тұр. Мұнай өндіру фонтандық және газлифттік әдістермен жүзеге асырылады. Мұнай өндіру кезінде туындайтын негізгі қиындықтарға гидраттардың түзілуі және асфальтты-шайырлы-парафинді шөгінділердің жиналуы жатады, бұл өз кезегінде жүйенің өнімділігінің төмендеуіне және ұңғымалардың жөндеуаралық пайдалану мерзімінің қысқаруына әкеледі. Мақалада кен орнында қолданылатын мұнай өндіру әдістері жағдайында асфальтты-шайырлы-парафинді шөгінділермен күресу тәсілдері қарастырылған.
Fields of Study & Subjects
Oil and Gas Production Techniques
Petroleum Processing and Analysis
Oil
Gas
and Environmental Issues
Publication details
- Journal / source
- Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
- Publication date
- 15 January 2026