ТАРЫ ДӘНДЕРІН КЕПТІРУ

Read full text
Authors: АЙБЕКҚЫЗЫ АЯУЛЫМ, КҮЗЕМБАЕВА ГАУХАР ҚАНАШҚЫЗЫ, Kanash Kuzembayev, ОРАЛБАЕВ САРСЕМБЕК
Cited by: 0

Abstract

Бұл жұмыста тары дәндерін сөк өндіру технологиясында инфрақызыл сәулемен кептіру процесінің кинетикасы зерттелді. Кептіру гидротермиялық өңдеуден кейін дәннің құрылымдық және физика-химиялық қасиеттерін тұрақтандыратын негізгі операция болып табылады. Ылғалдың дән ішіндегі миграциясы диффузиялық механизмдер арқылы жүріп, Фик заңдары негізінде сипатталды. Кептіру кинетикасын аппроксимациялау үшін Page моделі қолданылды. Модель параметрлері эксперименттік деректер негізінде анықталды. Алынған нәтижелер Page моделінің тары дәндерін кептіру процесін дәл сипаттайтынын көрсетті. Кептіру жылдамдығының өзгеруі процесс кезеңдерінің айқындалуына мүмкіндік берді. Ұсынылған тәсіл кептіру режимдерін оңтайландыруға және энергия шығынын азайтуға бағытталған.

Fields of Study & Subjects

Food Drying and Modeling Agricultural Engineering and Mechanization Thermal and Kinetic Analysis

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
15 January 2026