ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КРИПТОВАЛЮТАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Read full text
Authors: ТУСУБЕКОВА АЛИНА КАДЫРКУЛОВНА
Cited by: 0

Abstract

Әлемдік экономиканың қазіргі даму кезеңі қаржылық нарықты жедел цифрландырумен сипатталады. Бұл түбегейлі жаңа бағыт – криптовалютаның пайда болуына және жаппай қолданысқа енуіне әкелді. Блокчейн технологиясына негізделген цифрлық активтердің пайда болуы мемлекеттің алдына құқықтық реттеу мен қылмыстық-құқықтық қорғаудың тиімді жүйесін дамытуына бағыт берді. Қазақстан Республикасы цифрлық индустриясын дамыту бойынша көшбасшылардың бірі болғандықтан инновациялық өзгерістермен қатар, құқықтық қауіпсіздікті ұштастыра отырып, криптовалюта айналымында ауқымды саясат құру қажеттілігі туындады [1]. Осыған орай зерттеудің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы криптовалюта айналымын қылмыстық-құқықтық реттеу мәселелерін анықтап, цифрлық активтерді пайдалана отырып жасалатын қылмыстық іс-әрекеттердің алдын алу шараларын жетілдіру бойыншы практикалық ұсыныстар беру. Негізгі міндеттер болып қылмыстық құқық кодексінде криптовалюталардың құқықтық мәртебесін анықтау арқылы өзге дамыған елдермен салыстыру, артықшылық пен кемшіліктерін атап көрсету. Зерттеу әдістемесі жалпы ғылыми және арнайы құқықтық талдау әдістерінің жиынтығына негізделген. Цифрлық технологиялары дамыған елдермен салыстырмалы талдау талдау жүргізу арқылы еліміздегі қылмыстық-құқықтық кодекстің тиімділігін анықтау. Осылайша зерттеу нәтижелері криптовалюталарды тиімді қылмыстық-құқықтық реттеу заңнамасы тек қана өзгерістерге емес, сонымен қатар технологиялық және цифрлық сауаттылықты арттыруға да мұқтаж екендігі анықталды. Жүргізілген зерттеудің ғылыми құндылығы оның алдын алу шараларымен және халықаралық практикамен бірге еліміздегі криптовалюталарды реттеудің қылмыстық-құқықтық аспектілерін жүйелі әрі кешенді түрде талдануында. Ал зерттеулердің практикалық маңыздылығы цифрлық қауіпсіздіктің ұлттық стратегияларын шығарып, қылмыстық заңнамаларға өзгерістер мен қосымша тараулар енгізілуіне қажеттілігінде. Осылайша цифрлық экономиканың дамуы қылмыстық құқық бұзушылықтармен қатар жүретіні сөзсіз. Сондықтан криптовалюта айналымының қылмыстық-құқықтық және профилактикалық моделін құру құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің, азаматтардың мүдделерін қорғаудың негізгі бағыты болып табылады. Криптовалюта айналымын жан-жақты, егжей-тегжейді бақылайтын шаралардың тоқтаусыз жұмыс жасауы тек қана мемлекет үшін ғана емес, сонымен қатар нарықтың қатысушылары және қарапайым халықтың да құқықтық мүдделерін қорғауға көмектеседі.

Fields of Study & Subjects

Digital Transformation in Law Blockchain Technology Applications and Security Cybercrime and Law Enforcement Studies

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
12 January 2026