ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮШІН ХИМИЯ БОЙЫНША ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Abstract
Мақалада жалпы білім беретін мектептерде химия пәні бойынша зертханалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру арқылы оқушылардың зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастыру мүмкіндіктері қарастырылады. Зертханалық жұмыстардың оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы, ғылыми ойлауын дамытудағы рөлі айқындалып, зерттеу бағытындағы тапсырмаларды қолданудың педагогикалық шарттары талданады. Сонымен қатар зертханалық жұмыстарды ұйымдастырудың дәстүрлі және инновациялық түрлері сипатталып, оларды оқу үдерісінде қолданудың әдістемелік ерекшеліктері ұсынылады. Мақала нәтижелері химия пәні мұғалімдеріне зертханалық жұмыстар арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуда әдістемелік көмек ретінде пайдалануға бағытталған.
Fields of Study & Subjects
Chemistry Education and Research
Various Chemistry Research Topics
Science Education and Pedagogy
Publication details
- Journal / source
- Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
- Publication date
- 31 January 2026