ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ДОМБЫРА ҮЙРЕТУДЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Read full text
Authors: КУНТУГАНОВА САРБИНАС МУХАМЕДЬЯРОВНА
Cited by: 0

Abstract

Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің жаңару үдерісі ұлттық мәдениетті сақтай отырып, оны заманауи педагогикалық талаптармен үйлестіру қажеттілігін алға тартады. Домбыра үйрету тек музыкалық орындаушылық дағды қалыптастырумен шектелмей, білім алушылардың рухани-мәдени дүниетанымын дамытуға бағытталған кешенді педагогикалық үдеріс ретінде қарастырылады. Дәстүрлі оқыту тәсілдері белгілі бір нәтижелер бергенімен, бүгінгі білім алушылардың танымдық ерекшеліктері, ақпараттық кеңістікте еркін бағдарлануы және шығармашылық еркіндікке ұмтылысы жаңа педагогикалық технологияларды енгізуді қажет етеді. Сондықтан педагогикалық технологияларды домбыра үйрету үдерісінде тиімді пайдалану мәселесі өзекті ғылыми-педагогикалық проблема болып табылады. Зерттеу мақсаты: Домбыра үйрету үдерісінде педагогикалық технологияларды тиімді қолданудың теориялық негіздерін анықтау және олардың оқу үдерісінің сапасын арттырудағы практикалық мүмкіндіктерін зерделеу. Зерттеу міндеттері: - домбыра үйрету үдерісіндегі дәстүрлі және инновациялық педагогикалық технологиялардың ерекшеліктерін талдау; - интерактивті, ақпараттық-коммуникациялық және тұлғалық-бағдарлы технологиялардың домбыра үйретудегі рөлін көрсету; - педагогикалық технологияларды қолданудың студенттердің орындаушылық дағдыларына, музыкалық есту қабілетіне және ұлттық мәдени құндылықтарға қызығушылығына әсерін бағалау. Жаңалығы: Зерттеу инновациялық педагогикалық технологияларды домбыра үйрету үдерісіне жүйелі түрде енгізудің студенттердің шығармашылық белсенділігі мен музыкалық дағдыларын дамытуға тиімділігін дәлелдеді. Сонымен қатар, ұлттық мәдени мұраны меңгертудегі инновациялық тәсілдердің оқу үдерісінің сапасын арттырудағы рөлін ғылыми тұрғыдан негіздеді. Нәтижелері: Зерттеу көрсеткендей, педагогикалық технологияларды мақсатты және жүйелі қолдану студенттердің орындаушылық дағдыларын, музыкалық есту қабілетін және ұлттық мәдени құндылықтарға қызығушылығын арттырады, бұл заманауи музыкалық білім беру үдерісінде тиімділікті қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады.

Fields of Study & Subjects

Diverse Music Education Insights Music Education and Analysis Education Innovation and Language Studies

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
31 January 2026