ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР СТУДЕНТТЕРІНІҢ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ КУРСТАСТАРЫНА ТОЛЕРАНТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Read full text
Authors: ЫРЫМТАЙ АЛИШЕР ЖАЙДАРҰЛЫ, АУТАЕВА АКБОТА НУРСУЛТАНОВНА
Cited by: 0

Abstract

Мақалада педагогикалық мамандықтар студенттерінің мүмкіндігі шектеулі курстастарына деген толеранттылығын дамыту мәселесі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі инклюзивті білім беру жағдайында болашақ педагогтердің тұлғалық-құндылықтық бағдарларын қалыптастыру қажеттілігімен негізделеді. Зерттеу барысында студенттердің толеранттылық деңгейін анықтауға бағытталған бастапқы диагностика жүргізіліп, толеранттылықтың декларативті және практикалық көріністері айқындалды. Қалыптастырушы эксперимент аясында интерактивті, рефлексивті және бірлескен оқу әрекетіне негізделген педагогикалық әдістер қолданылды. Эксперимент нәтижелері студенттердің толеранттылық деңгейлерінде елеулі оң өзгерістердің орын алғанын көрсетті. Атап айтқанда, когнитивтік, эмоциялық-құндылықтық және мінез-құлықтық компоненттер бойынша даму динамикасы анықталды. Сандық деректер толеранттылықтың жоғары деңгейіне өткен студенттер үлесінің артқанын дәлелдесе, сапалық талдау нәтижелері студенттердің рефлексивті ойлау қабілетінің дамығанын және инклюзивті ортадағы тең құқықты серіктестік ұстанымын саналы түрде қабылдай бастағанын көрсетті. Зерттеу нәтижелері болашақ педагогтердің кәсіби даярлығында толеранттылықты мақсатты түрде қалыптастырудың маңызын дәлелдеп, педагогикалық жоғары оқу орындарында инклюзивті мәдениетті дамытуға бағытталған арнайы бағдарламаларды енгізудің ғылыми-тәжірибелік негізін ұсынады.

Fields of Study & Subjects

Inclusion and Disability in Education and Sport Multicultural Education and Local Wisdom Inclusive Education and Diversity

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
31 January 2026