НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МӘТІНДІ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ШЕШІМДЕР

Read full text
Authors: ЖУБАТҚАНОВА НАДИРА МАЖИТҚЫЗЫ, Л.Ж. Жансеитова
Cited by: 0

Abstract

Мақалада негізгі мектептің (7–9 сыныптар) алгебра курсында мәтінді есептерді теңдеулер және теңсіздіктер жүйесі арқылы шығаруда кездесетін негізгі кедергілер қарастырылған. Зерттеу жұмысында оқушылардың «арифметикалық ойлаудан» «алгебралық модельдеуге» өту процесіндегі психологиялық, лингвистикалық және когнитивті қиындықтары талданды. Халықаралық және отандық ғалымдардың (Прус, Бора, Ахмед, Тасболатова) еңбектеріне сүйене отырып, оқушылардың модельдеу циклінің «математикаландыру» кезеңінде жиі қателесетіні, әсіресе теңсіздіктерді құруда «шынайылық принципін» бұзатыны анықталды. Зерттеу нәтижесінде осы кедергілерді жоюдың тиімді әдістемелік жолдары: модельдеуді оқыту құралы ретінде қолдану, GeoGebra ортасында визуализациялау және жасанды интеллект элементтерін енгізу ұсынылады.

Fields of Study & Subjects

Mathematics Education and Pedagogy Mathematics Education and Teaching Techniques Mathematics Education and Programs

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
31 January 2026