ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР МЕН ЗАҢДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ

Read full text
Authors: БАЙСАПАР Қ.Қ., Н.Ж. Женсикбаева, Saltanat K. Aitkhozhina
Cited by: 0

Abstract

Мақалада география сабағында экономикалық-географиялық түсініктер мен заңдылықтарды қалыптастырудың теориялық және әдістемелік аспектілері қарастырылады. Зерттеу 7–9 сыныптарға арналған үлгілік оқу бағдарламасы мен «Қазақстан географиясы» курсының оқу-әдістемелік кешенін талдау негізінде жүргізілді. Экономикалық-географиялық білімді меңгерту спиральді оқыту қағидаты, критериалды бағалау талаптары және жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жүзеге асатыны көрсетілді. Мақалада оқушылардың жас ерекшеліктерін, дербес және шығармашылық қызметін ескере отырып ұғымдарды кезең-кезеңімен қалыптастырудың тиімділігі дәлелденеді. Сонымен қатар, әлеуметтік-географиялық ұғымдар мен экономикалық және әлеуметтік заңдылықтардың ерекшеліктері жетекші географ ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып ашылады. Нәтижесінде ұсынылған тәсіл негізгі мектепте географиялық білімнің тұжырымдамалық негіздерін қалыптастыруға және кейінгі курс деңгейінде білімді терең меңгеруге мүмкіндік береді.

Fields of Study & Subjects

Geography Education and Pedagogy Geography and Education Methods Educational Assessment and Pedagogy

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
31 January 2026