БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКАСЫН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ ГЕЙМИФИКАЦИЯ ӘДІСТЕРІ
Abstract
Бұл мақалада бастауыш білім беруде геймификацияны қолдану, оның артықшылықтары мен кемшіліктері, сондай-ақ оқушылардың мотивациясы мен үлгеріміне әсері қарастырылады. Геймификация — педагогикалық тәсіл ретінде ойын элементтерін ойыннан тыс контексте қолдануды көздейді, оның мақсаты — оқытудың нәтижелілігі мен оқушылардың белсенділігін арттыру. Бастауыш сынып жағдайында, балалардың назары тез бөлініп кететіндіктен және олардың қызығушылығын оятуда ойынның рөлі жоғары болғандықтан, геймификация мұғалімдерге қуатты құрал бола алады. Зерттеулер көрсеткендей, оқу үдерісіне ойын элементтерін енгізу пәнге деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, ынтымақтастық, креативтілік және сыни ойлау сияқты тереңірек дағдыларды да қалыптастырады
Fields of Study & Subjects
Educational Games and Gamification
Mathematics Education and Pedagogy
Mathematics Education and Teaching Techniques
Publication details
- Journal / source
- Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
- Publication date
- 31 January 2026
- Language
- KK