MAPLE ЖҮЙЕСІН ПАЙДАЛАНЫП ВЕКТОРЛЫҚ АЛГЕБРАНЫ ТИІМДІ ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕРІ

Read full text
Authors: АМАНГЕЛДІ ҰЛДАНА ЖӘНІБЕКҚЫЗЫ, ЕГЕМБЕРДІ ШЫНАР ҚАНАТҚЫЗЫ
Cited by: 0

Abstract

Бұл мақалада Maple бағдарламалық есептеулер жүйесінде векторлық алгебра есептерін шешу әдістері қарастырылған. Мақаланы теориялық және тәжірибелік деп екі бөлімге жіктеп қарастырдым. Мақаланың теориялық бөлімінде вектор, норма және базис ұғымдарына анықтама беріліп, олардың математикалық мәні ашылған. Ал тәжірибелік бөлімінде linalg командасының көмегімен векторларды анықтау, олардың скалярлық және векторлық көбейтінділерін табу, сондай-ақ Грамм-Шмидт әдісі арқылы векторлар жүйесін ортогональдау жолдары көрсетілген. Мақаланың басты мақсаты – Maple компьютерлік жүйесін қолдана отырып, векторлық алгебраның негізгі есептерін шешудің тиімді жолын көрсету және linalg командасының мүмкіндіктерін талдау. Міндеттері – Maple ортасында векторларды анықтаудың әртүрлі тәсілдерін сипаттау. Зерттеу нәтижесінде векторлық есептеулердің дәлдігі мен жылдамдығын арттыруда компьютерлік бағдарламалардың тиімділігі көрсетілді. Теориялық тұжырымдар нақты мысалдар және есептер арқылы дәлелденіп, олардың практикалық маңызы айқындалды. Бұл векторлық алгебраның қолданбалы мүмкіндіктерін терең түсінуге жағдай жасайды. Материал жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасына қосымша құрал ретінде ұсынылады.

Fields of Study & Subjects

Mathematical and Computational Methods Mathematics Education and Teaching Techniques Mathematics Education and Programs

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
31 January 2026