ТОК КҮШІНІҢ ӨЛШЕМ БІРЛІГІНІҢ ЭЛЕКТРЛІК КЕДЕРГІ (КВАНТТЫҚ ХОЛЛ ЭФФЕКТІ) ЖӘНЕ КЕРНЕУ (ДЖОЗЕФСОН ЭФФЕКТІ) АРҚЫЛЫ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАНУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Read full text
Authors: ТАТАЙ МЕЙІР БЕРКІНҚЫЗЫ, ЖҰМАҒАЛИ А.К
Cited by: 0

Abstract

Бұл мақалада ток күшінің өлшем бірлігінің метрологиялық қадағалануын қамтамасыз ету әдістері қарастырылған. Ток күшін жанама түрде қайта өндіру тұрақты электр кернеуі мен электрлік кедергінің өлшем бірліктеріне негізделіп, сәйкесінше Джозефсонның кванттық эффекті және кванттық Холл эффекті арқылы жүзеге асырылады. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының «ҚазСтандарт» РМК-да сақталатын тұрақты электр кернеуінің және электрлік кедергінің мемлекеттік эталондарының құрылымы, жұмыс істеу принциптері және метрологиялық сипаттамалары талданды. Ток күшінің өлшем бірлігін беру Ом заңы негізінде жүзеге асырылып, кванттық эталондар арқылы алынған кернеу мен кедергі мәндері қолданылды. Өлшеу нәтижелерінің дәлдігі мен сенімділігі анықталмағандықты бағалау арқылы көрсетілді. Қарастырылған әдістер ток күшінің өлшем бірлігінің Халықаралық бірліктер жүйесіне (SI) толық қадағалануын қамтамасыз етеді

Fields of Study & Subjects

Advanced Electrical Measurement Techniques Scientific Measurement and Uncertainty Evaluation Calibration and Measurement Techniques

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
31 January 2026