ТРИГОНОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕҢСІЗДІКТЕРДІ МЕҢГЕРТУДЕ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ РӨЛІ
Abstract
Мақалада тригонометриялық теңсіздіктерді меңгертуде цифрлық білім беру ресурстарының рөлі қарастырылады. Мектептің жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламарына ауысуы, оқытудың Цифрлық білім беру ресурстары тригонометриялық теңсіздіктерді меңгертуде оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді. Ресурстар оқушының өзіндік жұмыс дағдыларының қалыптасуына, есептер шығару дағдылығының дамытуына және шығармашылық әлеуетін қалыптастыруына ықпал етіп, материалды тереңрек меңгеруге мүмкіндік береді. Тригонометриялық теңсіздіктерді меңгерудегі цифрлық білім беру ресурстарының рөлі төмендегідей: - Материалды көрнекі түрде көрсету. Математикалық объектілердің графикалық бейнелері студенттерге олардың кескіндерін (графикалық және аналитикалық) ажыратуға, оларды зерттеуге және өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл математикалық білім мен оны меңгеру жолдары арасындағы байланыстарды түсінуге ықпал етеді. - Негізгі формулаларды есте сақтау процесін автоматтандыру және тригонометриялық өрнектерді түрлендіру дағдыларын жаттықтыру. Мысалы, оқу платформаларын тригонометриялық формулалардың белгілі бір категориясын білу бойынша қысқаша математикалық диктанттарды жүргізу үшін пайдалануға болады. - Материалды алу сапасын диагностикалық тексеру. Тест жұмысын компьютерде орындау студенттерге тақырып бойынша білімін бірден бағалауға және жетілдіруге мүмкіндік береді.
Fields of Study & Subjects
Mathematics Education and Teaching Techniques
Educational Technology and E-Learning
Innovative Educational Technologies
Publication details
- Journal / source
- Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
- Publication date
- 31 January 2026