ҚАЗІРГІ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУ ҮРДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЛДАРЫ
Abstract
Мақалада климаттық өзгерістер жағдайында атмосфералық жауын-шашын мен ауа температурасының көпжылдық өзгеру динамикасы кешенді түрде талданады. Зерттеудің негізгі мақсаты - 2010-2024 жылдар аралығындағы климаттық көрсеткіштердің уақыт бойынша өзгеру ерекшеліктерін анықтау және олардың табиғи экожүйелерге ықпалын бағалау. Зерттеу барысында жүйелеу, салыстырмалы-статистикалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеудің дереккөздері ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы мен Қазгидромет ұсынған ресми климаттық мәліметтер, Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының (IPCC) есептері және халықаралық ғылыми зерттеулер пайдаланылды. Салыстырмалы талдау нәтижесінде ауа температурасының тұрақты өсу үрдісі мен атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің жылдар бойынша айқын ауытқуы анықталды. Алынған нәтижелер климаттық өзгерістердің табиғи экожүйелерге, биоалуантүрлілікке және табиғи ресурстардың тұрақтылығына елеулі әсер ететінін көрсетеді. Зерттеу қорытындылары аймақтық климаттық ерекшеліктерді ескере отырып, климаттың өзгеруіне бейімделу шараларын әзірлеуде және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында ғылыми негіз ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Fields of Study & Subjects
Climate variability and models
Climate Change and Environmental Impact
Climate change impacts on agriculture
Publication details
- Journal / source
- Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
- Publication date
- 31 January 2026
- Language
- KK