ІШКІ БАҚЫЛАУДЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ШЫҒЫНДАРДЫ БАСҚАРУ ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ (BI GROUP ХОЛДИНГІ МЫСАЛЫНДА)

Read full text
Authors: РИЗАБЕК МӘНШҮК ИЛЬЯСҚЫЗЫ, БАЙТУОВА ЛАУРА ТОЛЕГЕТАЕВНА
Cited by: 0

Abstract

Бұл зерттеу жұмысы құрылыс кәсіпорындарындағы ішкі бақылау жүйесін жетілдіру және шығындарды басқару есебін тиімді ұйымдастыру мәселелеріне арналған. Зерттеудің мақсаты – құрылыс саласына тән шығындардың ерекшеліктерін ескере отырып, ішкі бақылау тетіктерін жетілдіру жолдарын айқындау және басқару есебінің ақпараттық мүмкіндіктерін арттыру. Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы ірі құрылыс холдингі – BI Group компаниясының қызметі алынды. Жұмыста шығындарды жіктеу, жоспарлау, есепке алу және талдау үдерістері қарастырылып, қолданыстағы ішкі бақылау жүйесіне талдау жасалды. Зерттеу барысында экономикалық талдау, салыстырмалы әдіс, жүйелік талдау және қаржылық есеп деректерін өңдеу әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде құрылыс кәсіпорындарында шығындарды басқару есебін жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар әзірленіп, ішкі бақылау жүйесін күшейту арқылы басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыру жолдары көрсетілді. Ұсынылған шаралар кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайтуға және шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Fields of Study & Subjects

Accounting and Organizational Management Corporate Governance and Management Accounting and Financial Management

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
31 January 2026
Language
KK