ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ НАРЫҒЫ

Read full text
Authors: АБДАЛИЕВА ЖІБЕК, АЛДАБЕРГЕН АЯЖАН, САТИБАЛДИЕВА ЛИНАРА, ЖАНДАБАЕВА М.А.
Cited by: 0

Abstract

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығы ел экономикасының стратегиялық басым бағыттарының біріне айналып, ұлт саулығын нығайтумен қатар индустриялық-инновациялық прогреске де тың серпін беруде. Жұмыс барысында 2020–2025 жылдарды қамтитын ресми статистикалық мәліметтер мен ғылыми дереккөздерге салыстырмалы және динамикалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері мемлекеттік қолдау мен инвестициялық саясаттың арқасында отандық өндіріс көлемінің айтарлықтай өскенін көрсетті: атап айтқанда, 2019 жылғы 92 млрд теңге көрсеткіші 2024 жылға қарай 124,8 млрд теңгеге жеткен. Солай болса да, нарық құрылымындағы импорттық өнімдердің үлесі әлі де 70 пайыз деңгейінде қалып отыр, бұл Ресей, Германия және Үндістан сияқты негізгі жеткізушілерге деген тәуелділіктің жоғары екенін аңғартады. Фармацевтикалық нарықтың дамуы халықты сапалы әрі қолжетімді дәрілік заттармен қамтамасыз ету арқылы денсаулық сақтау жүйесінің орнықтылығын күшейтіп, аурулардың алдын алуға және өмір сапасын арттыруға ықпал ететіндіктен, ол Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсатымен тікелей байланысты. Жүргізілген SWOT-талдау саланың ішкі әлеуеті мен сыртқы кедергілерін айқын көрсетіп берді. GMP стандарттарының енгізілуі мен мемлекеттік ынталандыру тетіктері саланың басты артықшылықтары ретінде танылса, ғылыми-инновациялық базаның осалдығы, білікті мамандардың тапшылығы және сыртқы нарыққа тәуелділік негізгі мәселелер ретінде айқындалды.

Fields of Study & Subjects

Pharmaceutical Economics and Policy Medical and Pharmaceutic Studies Economic and Industrial Development

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
31 January 2026
Language
KK