СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫ: ЕРТЕ АНЫҚТАУ – ӨМІРДІ ҚҰТҚАРАДЫ

Read full text
Authors: ИСЛАМ АЙЫМ ИЗАТҚЫЗЫ, ЖАРЫЛҚАСЫН М. Ж.
Cited by: 0

Abstract

Сүт безі обыры Қазақстандағы әйелдер денсаулығына ең үлкен қауіп төндіретін онкологиялық аурулардың бірі болып отыр. Әсіресе 40–60 жас аралығында аурудың даму қаупі жоғары. Ерте скрининг пен профилактика шараларын енгізу арқылы аурудың алдын алуға және емнің тиімділігін арттыруға болады. Сондықтан тақырып қазіргі заманғы медицинада және қоғамдық денсаулық сақтауда өзекті. Мақсаты: 40–60 жс аралығындағы әйелдерде сүт безі обырының қауіп факторларын талдау және алдын алу жолдарын айқындау. Міндеттері: - Қауіп факторларын талдау (әдебиеттерді шолу, статистикалық деректерді зерттеу). - Әйелдер арасында сауалнама жүргізу. - Скрининг пен алдын алу шараларының тиімділігін бағалау. - Қорытынды жасап, ұсыныстар әзірлеу. Сүт безі обыры – әлем бойынш әйелер арасында ең жиі кездесетін қатерлі ісік түрлерінің бірі. Соңғы жылдары Қазақстанда бұл аурудың өсуі байқалады. Мамандардың айтуынша, ауруды ерте анықтау – өмірді сақтаудың негізгі жолы.Сүт безі обыры – әлем бойынша әйелдер арасында ең жиі кездесетін қатерлі ісік түрінің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, жыл сайын миллиондаған әйел осы дертке шалдығады. Соңғы жылдары Қазақстанда да сүт безі қатерлі ісігінің өсімі байқалып отыр. Дегенмен, мамандардың айтуынша, ауруды ерте анықтау – оның алдын алудың ең тиімді жолы.

Fields of Study & Subjects

Global Cancer Incidence and Screening Women's cancer prevention and management Breast Lesions and Carcinomas

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
31 January 2026
Language
KK