СОЯ ДӘНДЕРІНІҢ ЫЛҒАЛДАНУ ДИНАМИКАСЫ

Read full text
Authors: АЙБЕКҚЫЗЫ АЯУЛЫМ, ЖАЛГАСБАЕВА ЕРКЕНУР, КҮЗЕМБАЕВА ГАУХАР ҚАНАШҚЫЗЫ, СЫДЫҚБАЕВ ЖЕҢІС ТІЛЕШҰЛЫ, Kanash Kuzembayev
Cited by: 0

Abstract

Бұл жұмыста соя дәндерінің суда гидратациялану динамикасы эксперименттік түрде зерттелді. Тәжірибелер қозғалмайтын цилиндрлік шыны ыдыста жүргізіліп, бастапқы дән ылғалдылығы 5–51% аралығында, судың температурасы 20–26 °С диапазонында өзгертілді. Нәтижелер соя дәндерінің 4 сағат ішінде қарқынды гидратацияланып, ылғалдылығы шамамен 50%-ға жететінін көрсетті; бұл кезде дәннің орташа диаметрі 1,8 есе, ал көлемі шамамен 5,8 есе артты. Алынған деректер бірінші ретті экспоненциалды, Page және Peleg модельдерімен өңделді. Ең жоғары сәйкестік Peleg моделінде байқалды, ал тепе-тең ылғалдылықты физикалық тұрғыдан дәл сипаттауда бірінші ретті модель тиімді болды. Нәтижелер гидротермиялық өңдеу процестерін оңтайландыру үшін қолдануға жарамды.

Fields of Study & Subjects

Food Drying and Modeling Agricultural Engineering and Mechanization Seed Germination and Physiology

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
31 January 2026
Language
KK