СОЯ ДӘНДЕРІНДЕГІ АНТИҚОРЕКТІК ЗАТТАРДЫ ЖОЮ ТӘСІЛДЕРІ

Read full text
Authors: АЙБЕКҚЫЗЫ АЯУЛЫМ, АНАШБАЕВА АРУЖАН, ЖУМАТАЙ АСХАТ, СЫДЫҚБАЕВ ЖЕҢІС ТІЛЕШҰЛЫ, Kanash Kuzembayev
Cited by: 0

Abstract

Бұл зерттеу соя дәнін өңдеу барысында антипитательдік компоненттердің төмендеуін қамтамасыз ететін технологиялардың тиімділігін бағалауға бағытталған. Соя ақуызының жоғары тағамдық құндылығына қарамастан, тұқым құрамындағы протеаза ингибиторлары, уреаза және фенолдық қосылыстар оның қолданылу аясын шектейді. Жұмыста гидротермиялық, экструзиялық, микротолқынды, инфрақызыл және кондуктивті өңдеу әдістері салыстырмалы түрде талданды. Әдеби деректер көпсатылы технологиялардың энергия шығынын арттырып, өнім сапасының тұрақтылығын төмендететінін көрсетті. Осыған байланысты электрофизикалық әсерлерге, сондай-ақ гидратация мен өндіруге негізделген тәсілдер ресурсты үнемдейтін және соя ақуызының биологиялық құндылығын сақтайтын перспективалы бағыттар ретінде қарастырылады.

Fields of Study & Subjects

Agricultural Engineering and Mechanization Proteins in Food Systems Food and Agricultural Sciences

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
31 January 2026
Language
KK