СҮТ ҚЫШҚЫЛДЫ СУСЫН РЕТІНДЕ САРЫСУ НЕГІЗІНДЕГІ ӨНІМ РЕЦЕПТУРАСЫН ЖЕТІЛДІРУ
Abstract
Бұл мақалада сүт өндірісіндегі екіншілік шикізатты қалдықсыз өңдеу мәселелері қарастырылды. Сүт сарысуының жоғары сапалылығы мен зиянсыздығы, жеткілікті калориялылығы, ағзаға сіңімділігі, қоректік заттардың оңтайлы арақатынаста болуы, биологиялық және физиологиялық толыққандылығы оның тағамдық құндылығын сипаттайды. Сонымен бірге, сүт сарысуының энергетикалық құндылығы майсыздандырылған сүтке қарағанда төмен, ал биологиялық құндылығы шамамен бірдей, бұл оны диеталық тағам өнімдерін өндіруде пайдалануға болатынын көрсетеді. Зерттеу барысында сүзбе өндірісінде қалатын екіншілік шикізат – сүт сарысуы негізіндегі сусындарды өсімдік тектес шикізаттармен байыту арқылы дайын өнім әзірленіп, оның физика-химиялық, микробиологиялық, сонымен қатар органолептикалық көрсеткіштеріне бағалау жүргізілді. Сүзбе өндірісінің жанама өнімі-сарысуға өсімдік тектес шикізаттарды қосу арқылы, адам ағзасына пайдалы сусын өндіру әдістері және оларды жаппай тұтынуға ұсыну жағдайлары қарастырылды. Өсімдіктектес шикізат ретінде баллан және қара қарақат жидектері қосылып, жаңа сусын әзірленді. Зерттеу нәтижелері өсімдік тектес қоспалардың сүт сарысуы негізіндегі сусындардың тағамдық және биологиялық құндылығын арттыруға елеулі үлес қосатынын көрсетті. Баллан мен қара қарақат жидектерінің табиғи антиоксиданттарға, Р және С витаминдеріне, органикалық қышқылдарға, пектиндерге бай болуы өнімнің биологиялық белсенділігін күшейтті. Сонымен қатар, олардың табиғи пигменттері сусынның түсін жақсартып, тұтынушылық тартымдылығын арттырды. Физика-химиялық зерттеулер сусын құрамындағы құрғақ заттар мөлшерінің, титрленетін қышқылдылықтың және рН көрсеткішінің өсімдік қоспаларының түріне және концентрациясына байланысты өзгеретінін анықтады. Микробиологиялық талдау дайын өнімнің қалыпты жағдайда сақтау мерзімі ішінде қауіпсіз екенін дәлелдеді. Органолептикалық көрсеткіштерді бағалау нәтижелері баллан мен қара қарақат қосылған үлгілердің дәмі мен иісі жағымды, үйлесімді, сондай-ақ тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланатынын көрсетті.
Fields of Study & Subjects
Food and Agricultural Sciences
Advanced Scientific Research Methods
Proteins in Food Systems
Publication details
- Journal / source
- Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
- Publication date
- 31 January 2026
- Language
- KK