ӨСІМДІК АУРУЛАРЫН АВТОМАТТЫ АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ЧАТ-БОТТЫ ЖОБАЛАУ

Read full text
Authors: АРҒЫНБАЕВА МЕРУЕРТ НҰРБОЛАТҚЫЗЫ, Ж.КАБАТАЕВА
Cited by: 0

Abstract

Мақалада ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің ауруларын жапырақ кескіндері арқылы автоматты түрде анықтауға арналған чат-бот құру тәсілі қарастырылған. Ұсынылған шешім «BioScan» Telegram-чат-боты мысалында жүзеге асырылды. Жүйе терең оқыту әдістеріне негізделген нейрондық желі моделін қолдану арқылы пайдаланушы жіберген өсімдік жапырағының суретін өңдеп, ауру түрін анықтауға мүмкіндік береді. Модельді оқыту үшін PlantVillage ашық деректер қоры пайдаланылды, ал есептеулер бұлттық серверде орындалды. Бағдарламалық іске асыру Python тілі мен асинхронды чат-бот архитектурасы негізінде орындалды. Ұсынылған шешім өсімдік ауруларын анықтауға арналған интеллектуалды жүйелерді пайдаланушыға ыңғайлы форматта ұсынудың бір мысалы болып табылады және ауыл шаруашылығы саласында цифрлық технологияларды қолданудың перспективалы бағытын көрсетеді.

Fields of Study & Subjects

Smart Agriculture and AI Advanced Neural Network Applications Artificial Intelligence in Healthcare and Education

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
31 January 2026
Language
KK