МӘТІНДІ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ТҮСІНУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА BBC «6 MINUTE ENGLISH» ПОДКАСТТАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Abstract
Бұл мақалада BBC 6 Minute English подкасттарының тыңдалым дағдыларын және мәтінді сын тұрғысынан түсіну қабілетін дамытудағы тиімділігі зерттелді. Зерттеу Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 1-курс магистранттары арасында жүргізіліп, 66 студент қатысқан. Эксперименттік топта мәтінді сын тұрғысынан түсіну деңгейі 52%-дан 78%-ға дейін өскен, ал бақылау тобында өсім тек 50%-дан 60%-ға жеткен. Сауалнама нәтижелері эксперименттік топта студенттердің 79%-ының подкасттар мәтінді тереңірек түсінуге және өз пікірін дәлелдеуге көмектескенін көрсетті, ал бақылау тобында бұл көрсеткіш 46% деңгейінде қалды. Зерттеу нәтижелері подкасттарды оқу үдерісіне жүйелі енгізудің студенттердің тыңдалым дағдылары, сыни ойлау және ақпаратты талдау қабілеттерін едәуір арттыратынын көрсетті.
Fields of Study & Subjects
English Language Learning and Teaching
EFL/ESL Teaching and Learning
Radio
Podcasts
and Digital Media
Publication details
- Journal / source
- Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
- Publication date
- 15 February 2026
- Language
- KK