СҮТ БЕЗДЕРІНІҢ ДАМУ АНОМАЛИЯЛАРЫНЫҢ СӘУЛЕЛІК ДИАГНОСТИКАСЫ

Read full text
Authors: ОСПАНОВА ГУЛЖАН АБДУРАХМАНОВНА, СУХАНОВА ЧИНОРА РАШИДОВНА, ИСМАИЛОВА ДИЁРА ҚУДРАТУЛЛАҚЫЗЫ, КЕМЕЛБЕКОВА БЕКСУЛУ ҚАЙРАТҚЫЗЫ
Cited by: 0

Abstract

Бұл шолу мақаласы сүт бездерінің туа біткен даму аномалияларының (мастопатия) сәулелік диагностикасының заманауи мәселелерін қарастырады. Мастопатиялар сүт безінің қалыпты анатомиясы мен гистологиялық құрылымының бұзылуымен сипатталатын, кең таралган жағдайлар болып табылады және оларды қатерлі ісіктерден дәл ажырату маңызды клиникалық міндет болып саналады. Мақалада негізгі зерттеу әдістері: маммография, ультрадыбыстық диагностика (УДД) және магнитно-резонанстық томография (МРТ) сипатталады. Әр әдістің артықшылықтары мен шектеулері сарапталады, мысалы, маммографияның тығыз ұлпасы бар жас әйелдерде тиімділігінің төмендігі, УДД-нің кисталар мен фиброаденомаларды анықтаудағы жоғары сезімталдығы, сондай-ақ МРТ-ның құрылымдық аномалияларды егжей-тегжейлі көрсетудегі рөлі. Комплекс мастопатия, фиброаденоматоз, кисталық өзгерістер сияқты негізгі нозологиялық формалардың рентгенологиялық және ультрадыбыстық бейнелері талданады. Сәулелік диагностиканың негізгі мақсаты ретінде патологиялық ошақтарды анықтау ғана емес, сонымен қатар олардың сипатын бағалау, динамикалық бақылау жүргізу және онкологиялық бұзылу қаупін уақытында анықтау көрсетіледі. Заманауи тенденция ретінде әртүрлі сәулелік әдістерді біріктіру (мультимодалды тәсіл) мен жасанды интеллектті қолданудың маңыздылығы атап өтіледі. Шолу алынған деректерді жинақтау және жүйелеу әдісіне негізделген.

Fields of Study & Subjects

Breast Lesions and Carcinomas Digital Radiography and Breast Imaging Breast Implant and Reconstruction

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
15 February 2026
Language
KK