MAPLE БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ СЫЗЫҚТЫҚ АЛГЕБРА ЕСЕПТЕРІН ШЕШУ
Abstract
Бұл мақалада Maple компьютерлік бағдарламасын пайдалана отырып, сызықтық алгебраның негізгі есептерін шешу әдістері қарастырылған. Мақаланың негізгі мақсаты – студенттерге Maple ортасының мүмкіндіктерін көрсету және оны оқу процесінде тиімді қолдануды үйрету. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды: матрицаның меншікті мәндері мен меншікті векторларын табу, сипаттамалық және минимал көпмүшелерді есептеу, матрицаны Джордан канондық түріне келтіру, матрицаларды үшбұрышты түрге түрлендіру, сондай-ақ сызықтық теңдеулер жүйелері мен матрицалық теңдеулерді шешу тәсілдерін қарастыру. Теориялық мәліметтер нақты есептермен толықтырылып, әрбір есептің Maple көмегімен шешу жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, матрицаның ядросын, рангісі мен кемшілігін анықтау жолдары да қарастырылды. Зерттеу нәтижелері Maple бағдарламасының оқу процесінде тиімді құрал екенін және күрделі есептерді тез әрі түсінікті түрде шығаруға мүмкіндік беретіні байқалды. Бұл бағдарлама студенттердің пәнді жақсы түсінуіне және есеп шығару дағдысын дамытуға көрсетеді.
Fields of Study & Subjects
Mathematical and Computational Methods
Matrix Theory and Algorithms
Polynomial and algebraic computation
Publication details
- Journal / source
- Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
- Publication date
- 15 February 2026
- Language
- KK