Б.ҚАРАҒЫЗҰЛЫ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ РУХАНИ САБАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫҢ КӨРІНІСІ

Read full text
Authors: АТКЕЕВА АЙСАУЛЕ КАМИДОЛЛИНОВНА
Cited by: 0

Abstract

Мақалада Қарағызұлы поэзиясындағы рухани сабақтастық пен ұлттық болмыстың көрінісі әдеби-теориялық және көркемдік талдау негізінде зерделенеді. Ақын шығармашылығында ұлттың тарихи жады, дәстүрлі дүниетаным, рухани құндылықтар мен қазіргі заман шындығының өзара байланысы поэтикалық жүйе аясында қарастырылады. Поэзиядағы мифологиялық бейнелер, фольклорлық сарындар, ұлттық символика мен философиялық ой-толғамдар арқылы қазақ халқының мәдени коды мен рухани мұрасының жалғастығы айқындалады. Сонымен қатар ақынның тілдік-стильдік ерекшеліктері, образ жасау тәсілдері мен көркемдік жаңашылдығы ұлттық әдеби үдеріс контексінде бағаланады. Зерттеу барысында салыстырмалы-типологиялық, мәтінтанулық және интерпретациялық әдістер қолданылып, Қарағызұлы поэзиясының ұлттық сананы қалыптастырудағы, рухани құндылықтарды жаңғыртудағы орны нақтыланады. Мақала нәтижелері қазіргі қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдықтың сабақтастығын түсіндіруге және ақын шығармашылығын ғылыми тұрғыда бағалауға үлес қосады.

Fields of Study & Subjects

Poetry Analysis and Criticism Literary Analysis and Cultural Studies Cultural and Sociopolitical Studies

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
28 February 2026
Language
KK