МАШИНА ЖАСАУ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПТІ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ӨНДІРІСТІК ФАКТОРЛАР
Abstract
Мақалада машина жасау кәсіпорындарындағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың мәні, жіктелуі және олардың адам ағзасына әсер ету ерекшеліктері қарастырылады. Өндірістік ортаның физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық факторларының сипаттамасы беріліп, олардың қызметкерлердің денсаулығына, еңбек қабілеттілігіне және өндіріс тиімділігіне ықпалы талданады. Құю, ұсталық-пресс, термиялық өңдеу, гальваникалық, механикалық және бояу цехтарында туындайтын негізгі қауіп көздері жүйеленіп, олардың кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттануға әкелу себептері көрсетіледі. Сонымен қатар еңбек жағдайларын бағалау, қауіпті факторларды сәйкестендіру және оларды төмендету шараларының маңыздылығы негізделеді. Еңбекті қорғау талаптарын сақтау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету өндірістегі қауіпсіздікті арттырудың негізгі бағыттары ретінде айқындалады.
Fields of Study & Subjects
Occupational Health and Safety in Workplaces
Occupational Health and Safety Management
Industrial and Mining Safety
Publication details
- Journal / source
- Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
- Publication date
- 28 February 2026
- Language
- KK