ИНТЕГРАЛ ҰҒЫМЫН ОҚЫТУДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚТЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫН АНЫҚТАУ

Read full text
Authors: АМАНДОСОВ ЕРБОЛ АСҚАРҰЛЫ, ИМАНҒАЛИЕВ ДУМАН ГИМАЛАЙҰЛЫ, БЕРКІНҚЫЗЫ АҚТОРҒЫН, САЙДОЛҚЫЗЫ ЖҰМАГҮЛ, КЕНЖЕГУЛОВ БЕКЕТ
Cited by: 0

Abstract

Орта мектеп оқушылары үшін интеграл тақырыбын өткен кезде, функцияның туындысы деген ұғымды алдымен білім алушыларға қолданбалы есептер арқылы түсіндіріп, яғни ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы мысал-есептерді келтірген дұрыс. Осы түсініктен кейін, берілген функцияның туындысына кері амал немесе жаңа операцияны интегралдау деп анықтамасын берген жөн. Бұл жерде мұғалім функцияның берілген туындысы бойынша оның алғашқы функциясы деп аталатын ұғымды түсіндіріп, ізделініп отырған функцияны тек интегралдау операциясының көмегімен шешілетіндігін түсіндіруі керек. Мақалада алғашқы функция, анықталмаған интеграл, анықталған интеграл және олардың табиғаттағы қолданбалы есептерді шешуге мүмкіндіктері бар екендігі көрсетіледі. Қазіргі оқу процесі аясында күрделі есептерді шешу мәселесіне терең талдау жасалып оның шығару жолдарын айтарлықтай жеңілдететін мысалдар келтірілді. Шыққан есептерге талдау жасалып, оқушылардың математикалық дағдыларын қалыптастырудағы және аналитикалық ойлауын дамытуға әсер ететін күрделі есептерді шығару жолдары ұсынылды. Білім алушыларға интеграл тақырыбы арқылы жаратылыстану бағытындағы, табиғаттағы құбылыстарды шешу жолы – интеграл ұғымын оқытудағы сабақтастықтың қазіргі заманғы тенденциялары екендігін түсіндіру ұсынылды [1-2].

Fields of Study & Subjects

Mathematics Education and Teaching Techniques Mathematics Education and Pedagogy Mathematics Education and Programs

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
28 February 2026
Language
KK