ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА STEM ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Read full text
Authors: ТӨРЕСАЕВА МӘДИНА МҰРАТҚЫЗЫ, БУСУРМАНОВА АККЕНЖЕ ЧАНШАРОВНА
Cited by: 0

Abstract

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) әдістемесі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға ынталандырады. Химия пәнінде STEM әдістерін қолдану білім алушыларға теориялық білімді практикамен ұштастырып, пәнді тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырып, инновациялық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Бұл мақалада химия пәнін оқытуда STEM технологияларын қолданудың маңыздылығы жан-жақты қарастырылады. Сонымен қатар, тәжірибелік сабақтарда STEM тәсілдерін енгізудің практикалық маңызы мен оқушылардың белсенділігін арттырудағы ықпалы көрсетіледі. Химияны оқытуда STEM тәсілдерін пайдалану оқушылардың өз бетінше зерттеу жүргізуіне, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге және алған білімдерін өмірлік жағдайларда қолдана білуіне жол ашады. STEM технологияларын тиімді пайдалану – болашақта жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың маңызды қадамы болып табылады.

Fields of Study & Subjects

STEM Education Chemistry Education and Research Science Education and Pedagogy

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
28 February 2026
Language
KK