XIX ҒАСЫРДА ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ДӘСТҮРЛІ БИЛІК ИНСТИТУТТАРЫ ЖОЙЫЛУЫНЫҢ ТАРИХИ САЛДАРЫ
Abstract
Бұл мақалада XIX ғасырда қазақ жерінде дәстүрлі билік институттарының жойылу үдерісі және оның тарихи-саяси салдары қарастырылады. Зерттеуде Қазақ хандығындағы басқару жүйесінің ерекшеліктері, хандық биліктің әлсіреу себептері, Ресей империясының әкімшілік реформаларының қазақ қоғамына тигізген ықпалы талданады. Сонымен қатар 1822–1824 жылдардағы реформалардың нәтижесінде хандық биліктің жойылуы, аға сұлтандық басқару жүйесінің енгізілуі және оның қазақ қоғамындағы әлеуметтік-саяси өзгерістерге әсері қарастырылады. Мақалада осы тарихи үдерісті мектеп оқушыларына түсіндіруде заманауи білім беру технологияларын қолданудың маңыздылығы көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері дәстүрлі билік жүйесінің жойылуының тарихи маңызын түсіндіруге және оны білім беру үдерісінде тиімді пайдалану жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.
Fields of Study & Subjects
Soviet and Russian History
Eurasian Exchange Networks
Indigenous Cultures and History
Publication details
- Journal / source
- Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
- Publication date
- 28 February 2026
- Language
- KK