ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫН ТЕҢЕСТІРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Read full text
Authors: ПӘНИЕВА АЙДАНА ШОҚАНҚЫЗЫ, Б.С.ИМАНҒАЛИЕВА
Cited by: 0

Abstract

Мақалада тотығу-тотықсыздану реакцияларының химиядағы маңызы, олардың энергетикалық, экологиялық және өндірістік салалардағы рөлі қарастырылған. Сонымен қатар атмосфераға зиянды шығарындылардың түзілуіне тотығу-тотықсыздану процестерінің әсері талданған. Тотығу-тотықсыздану реакциялары табиғи және өндірістік процестерде маңызды орын алады. Оларды теңестіру әдістерінің ішінде электрондық баланс, иондық және гибридті әдістер зерттелген. Әсіресе, гибридті әдістің қышқылдық және сілтілік ортадағы реакцияларды дәл әрі тиімді теңестірудегі артықшылықтары көрсетілген. Мақала тұрақты технологияларды дамыту мен экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған білім беру үдерісіне үлес қосуды мақсат етеді. Сондай-ақ, химияны оқытуда және химиялық технологияларды дамытуда маңызды ақпарат көзі бола алады.

Fields of Study & Subjects

Chemistry Education and Research Various Chemistry Research Topics Industrial Gas Emission Control

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
28 February 2026
Language
KK