«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДА ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ: INCLUSIVE CHEMISTRY LAB ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ»

Read full text
Authors: Гумарова Светлана Амантаевна
Cited by: 0

Abstract

Бұл мақалада ерекше білім беруді қажет ететін (ЕБҚ) оқушылар үшін химия пәнін оқытудың қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған «Inclusive Chemistry Lab – Зерттеуші химик» авторлық платформасының ғылыми-әдістемелік негіздері мен практикалық нәтижелері қарастырылады. Мақаланың мақсаты – инновациялық цифрлық құралдар (AR, AI) мен инклюзивті режимдерді қолдану арқылы виртуалды ортада оқушылардың зерттеушілік, танымдық және коммуникативтік дағдыларын дамытудың тиімділігін негіздеу. Зерттеу нысаны – жалпы білім беретін мектептердің 9-сынып оқушыларына арналған инклюзивті химиялық білім беру үдерісі және «Inclusive Chemistry Lab» цифрлық платформасы. Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Авторлық бағдарлама Universal Design for Learning (UDL) тұжырымдамасына негізделген және 34 сағаттық оқу жүктемесін қамтиды. Платформада білім алушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сай үш арнайы режим қарастырылған: Voice Guide Mode (көру шектеулері үшін), Subtitle Mode (есту шектеулері үшін) және Accessible Lab Mode (моторика шектеулері үшін). Бағдарлама аясында оқушылар AR (кеңейтілген шынайылық) технологиясы арқылы химиялық реакцияларды молекулалық деңгейде зерттеп, нәтижелерін мультимодальды «Research Notebook» (Зерттеуші дәптері) бөлімінде дыбыс, мәтін немесе сурет арқылы рәсімдейді. Платформаның AI талдау жүйесі оқушы прогресіне автоматты кері байланыс беріп, зерттеу нәтижелерін ресми PDF форматында экспорттауға мүмкіндік береді. Эксперименттік зерттеу нәтижелері платформаны қолдану оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығын 30%-ға, ал тәжірибелерді дербес орындау көрсеткішін 92%-ға арттырғанын көрсетті.

Fields of Study & Subjects

Various Chemistry Research Topics Educational Technology in Learning Innovative Educational Technologies

Publication details

Journal / source
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Publication date
28 February 2026
Language
KK