ОРТА МЕКТЕП БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙЛІ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Abstract
Қазіргі білім беру кеңістігінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сыни және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту басты міндеттердің бірі болып отыр. Бұл үдерісте оқыту мақсаттарын жүйелеудің тиімді құралы ретінде Блум таксономиясы кеңінен қолданылады. Мақалада орта мектептің биология сабақтарында Блум таксономиясын қолданудың теориялық негіздері мен әдістемелік ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – биология пәнін оқыту барысында жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын (талдау, бағалау, жасау) қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау. Зерттеу барысында педагогикалық бақылау, тәжірибелік тапсырмалар әзірлеу, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Нәтижесінде таксономия негізінде құрылымдалған сабақтар оқушылардың когнитивтік белсенділігін арттырып, дәлелді пікір айту, ғылыми пайым жасау және зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға ықпал ететіні анықталды.
Fields of Study & Subjects
Educational Assessment and Pedagogy
Education and Critical Thinking Development
Science Education and Pedagogy
Publication details
- Journal / source
- Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
- Publication date
- 28 February 2026
- Language
- KK